Толғандырған сауалға – толыққанды жауап

Жақында Қызылорда қалалық пробация қызметінде азаматтарды қабылдау шарасы өтті.
Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Т. Алибаев және Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғ. Отарбаев пробация қызметінің есебіндегі шартты түрде мерзімінен босатылған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға құқықтық көмек көрсету, пробация қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға 15 азамат келіп, толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарын қойды. Пробациялық бақылауға алынған азаматтар тарапынан жиі қойылған сауалдар – мерзімінен бұрын босату тәртібі мен шарттары, амнистияға ілігу мүмкіндігі және т.б.
Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесі ескерусіз қалмады, әрқайсысы толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.

Қызылорда қалалық пробация қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*