Алаяқтарға алданып қалмаңыз

Алаяқтықтың кең таралған түрі – тұрғын үйді қосалқы жалгерлікке беру болып табылады. Оңай олжаға әуесқой пәтерді қысқа уақытқа жалдап, кейін ұзақ мерзімге басқаға жалға береді де, заңсыз алдын ала ақы алады.
Полицияға бір уақытта арыздарын арқалай келген бірнеше павлодарлық пәтерді жалға берем деген алаяқтардың құрығына түсіп, құрбаны болғаны жөнінде хабарлаған. Барлық жәбірленушілер OLX сайтында және газеттерде пәтер жалдау жөніндегі хабарламалар бойынша жалға пәтер алмақ болған. Тиімді нұсқасын таба отыра, арзан бағасына қызыққан олар, жалға тапсыратын пәтер иелерімен кездеседі. Әр кездесуге «пәтер иесі» ретінде жас, мейірімді қыз келеді. Дегенмен, тіпті бірер сағаттан соң, мәміле аяқталғаннан кейін бұл пәтерлерге бөгде адамдар келіп, пәтер иелері өздері екенін түсіндірген. Айтпақшы, осы сәтте мәміле жүргізген қыздың телефоны сөйлесу аясынан тыс болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы «іскер» жас әйелді павлодарлық полицейлер анықтап, қолға түсірді.
Бүгінгі күні алаяқтан жәбір көрген 5 адам анықталды. Алайда, полиция жәбірленушілер саны бұдан көп екеніне негіз бар деп отыр.
Алаяқтыққа күдікті қыздан жәбір көргендер Оңтүстік полиция бөлімінің 8-777-866-85-75, 8-775-375-65-99 телефон номерлеріне хабарласуларын сұраймыз.
Полиция ескертеді: Пәтерді жалға алған кезде жылжымайтын мүлік иесінің құжаттарын тексеріңіздер. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде көрсетілген тегімен салыстырыңыздар. Және ең қарапайым тәсіл – ол пәтер иесі кім екені жөнінде көршілерден білу.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*