ҚАРАҚШЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Шардара аудандық ІІБ полицейлері жергілікті тұрғындардың үйіне қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстады.
Өткен жылдың тамыз айында Шардара аудандық ІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері түнде үйге белгісіз біреулердің баса-көктеп кіріп келіп, үй иесі мен оның жақындарын байлап тастап, қарумен қорқытқандарын анықтап біледі. Артынан қаскөйлер сейфтен ақша және басқа бағалы заттарды алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің «қарақшылық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның сомасы шамамен 6 миллион теңгені құрады.
Ауыр қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде аудандық ІІБ қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобын құрды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Шардара аудандық ІІБ полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін Шымкент қаласынан ұстады. Қарақшылық шабуыл жайты сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен сотқа жолданды. Қазіргі таңда сот шешімімен сотталушы 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Қарақшылық шабуылдың басқа қатысушыларына қатысты полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары өз кезегінде тұрғындарға өз үйі мен жеке меншігінің қауіпсіздігіне мұқият болу қажеттілігін тағы да ескертеді. Осындай қылмыстардың құрбаны болмау үшін терезеге темір тор, сенімді есік және күзет дабылын орнату керек. Ақша мен бағалы заттарды бөтеннің көзі түспейтін таса жерлерде сақтаған жөн. Үйлеріңізге заңсыз кіру, тонау немесе қарақшылық шабуылы орын алған жағдайда тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз.

Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*