«Допинг» дерегі

Ақмола өңірінде өткен «Допинг» арнайы операциясы барысында заңды айналымдағы есірткі заттарына қатысты қылмыстар әшкереленді.
Бақылауда тұрған есірткі заттарының өту жолдарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралар аясында аймақтың полиция қызметкерлері қажетті күзетсіз 111 тоннадан астам қышқыл тасымалдаған 3 жүк көлігін тоқтатты. ҚР заңнамасына сәйкес, аталған жүк әскери күзетпен тасымалдануы қажет. Сондықтан ЖШС басшысының үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы, 1-бөлімі (лицензиялау нормаларының бұзушылықтары) бойынша әкімшілік хаттама құрылды.
Оған қоса, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша (фармацевтика қызметі ережелерінің бұзушылықтары) құрамында кодейн бар дәрілік затын рецептсіз өткізген аймақтың екі дәріханасының фармацевті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Допинг» арнайы операциясы аясында аудандық орталық ауруханаларының бірінде қажетті күзеттік дабыл белгісімен және терезелері тормен жабдықталмаған бөлмеде «Брюзепам», «Фентанил», «Морфин» есірткілік және психотропты дәрілерінің сақталу ісі анықталды. Бұл іс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабына сәйкес (техникалық нығайту талаптарының бұзушылықтары) лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бап шарасы 50 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында «экстракциялық апиын» және «гашиш» есірткі заттарын өткізген облыстың екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлімі бойынша (есірткі заттарының заңсыз өткізілуі) сотқа дейінгі өндіріс өткізілуде. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*