Мекемеаралық турнир

Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай ИЧ-167/10 мекемесі әкімшілігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан мекемеаралық жарыс өтті.
Жарыс жалауы Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай көтерілді. Оған Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/2, 3, 4, 9, 10, 11 мекемелері және пробация қызметі қызметкерлерінің командалары қатысты.
Тартысты бәсекеде ИЧ-167/9 мекемесінің қызметкерлері 1-орынға ие болып, топ жарса, ИЧ-167/11 мекемесінің қызметкерлері 2-орыннан көрінді. Үздік үштік ИЧ-167/4 мекемесі командасының еншісіне бұйырды.
Жабылу салтанатында сөз сөйлеген ИЧ-167/10 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Н. Айтөреев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңімпаз командаға кубок, грамоталар мен сыйлықтар табыстады.
ИЧ-167/3 мекемесінің жедел уәкілі, әділет капитаны Айтжан Кадиров үздік қорғаушы, ИЧ-167/9 мекемесінің теологиялық оңалту жұмысының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Дулат Калменов үздік шабуылшы, сондай-ақ, ИЧ-167/10 мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Сабыржан Тілеубаев үздік қақпашы атағына ие болды.
Осы жоғарыда аталған ойыншыларға ИЧ-167/10 мекеме тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

А. КӨБЕНОВ, Түркістан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*