Айдынның мақсаты – әлем чемпионаты

Ақтөбелік полицей Айдын Төлепбаев Щучинск қаласында өткен қоян-қолтық айқастан ІІМ кубогының жеңімпазы атанды.
Айдын ішкі істер органдарына 2013 жылы келген. Алғашында жол-патрульдік полициясында инспектор болып, кейін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамына қызметке ауысқан.
Айдын Толепбаевың қол жеткен жетістіктері көп. Ол осыған дейін талай сайыстардан жүлдемен оралып, ел намысын қорғап, көк байрағымызды талай биіктерге көтеріп жүр. Осы жолы 75 келі салмақта қарсыластарының бәрін жеңіп, үздік атанды.
Биыл Қызылорда қаласында өткен Қазақстан кубогында да 1-орынды иеленді.
Ақтөбелік тәртіп сақшысы енді Белорусь астанасы Минск қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақ.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*