Қос басылым мерейтойы

27 маусымда Қазақстан журналистері күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінде мерекелік шара өтті.
Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне және «Сақшы», «На страже» газеттерінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға орталық аппараттың басшылығы және жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Министр журналистерді кәсіби төл мерекесімен құттықтап, полиция жұмысына деген тұрақты қызығушылықтарына және ішкі істер органдарының қызметін жан-жақты әрі объективті жариялайтындықтарына ризашылығын білдіре келіп, оларға шығармашылық табыстар мен кәсіби шыңды бағындыру жолында талмай еңбектене берулеріне тілектестігін білдірді.
«Құрметті журналистер қауымы, Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Барлықтарыңызға денсаулық, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін. Сондай-ақ, осынау мерейлі мереке күнімен қатар келіп отырған айтулы дата – «Сақшы», «На страже» газеттерінің 85 жылдығы. Баспасөз тарихындағы орны ерекше басылымдардың еліміз үшін аянбай қызмет ете беретіндеріне кәміл сенеміз», – деді Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы.
Содан соң еліміздің бас полицейі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты БАҚ-та ішкі істер органдарының құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін белсенді насихаттағандары үшін 34 журналистті арнайы құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар табыстады.
Атап айтқанда, «Қазақстан полициясына – 25 жыл» естелік төс белгісімен АКМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Сүйіндік, «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазрадио стратегиялық даму қызметінің журналист-редакторы Әбдірәлі Бөлебай, «Дорожный патруль.kz» сайтының бас продюсері Күмісай Сарбасова; ІІМ-нің Құрмет грамотасымен «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, Ішкі істер органдарының ардагері Әлімжан Жарылқағанов, «Сақшы-На страже» газетінің бас редакторы (1998-2008 ж.ж.) Әбдіжамал Сапарқұлов, «Қазақстан» РТРК» АҚ жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы Айдос Нығыманов, «Егемен Қазақстан» ААҚ саяси-құқық бөлімінің меңгерушісі Жолдыбай Базар, «КТК» АҚ астаналық бюросының директоры Ербол Сейілхан, «Хабар» агенттігі» АҚ «Арнайы хабар» бағдарламасының шеф-редакторы Шынар Сағындықова, «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазрадиосының журналист-редакторы Ербол Алшынбай, журналист-продюсер, «Mega Media Production» ЖШС-нің директоры Нұртай Әділ; ІІМ Грамотасымен «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ құқық бөлімінің редакторы Инеш Бержанова, «Рахат ТВ» ЖШС бас редакторының орынбасары Айжан Біләлова, «Қазақпарат» ХАА» ЖШС-нің шеф-редакторы Бақытжан Ербасов, «Effective Media Liaison» ЖШС-нің шеф-редакторы Айсұлтан Күлшіманов, «Сақшы» газетінің бас редакторы Ескендір Тасболат, «На страже» газеті бас редакторының орынбасары Светлана Зиновьева, «Жазаларды орындау – Исполнение наказаний» журналының аға тілшісі Майрагүл Мағзұмова; ІІМ Алғыс хатымен «Сақшы» газетінің ардагері Гүлнар Мағзұмова, «Хабар» агенттігі» АҚ бас редакторы Руслан Оспан, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Мәселе» бағдарламасының жетекші-жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиев, «Жазаларды орындау – Исполнение наказаний» журналының бас редакторы Айнұр Жылқышинова марапатталды.
Мерекелік шара Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Бейбіт Қорған секілді қазақстандық эстрада жұлдыздарының және ІІМ Ұлттық ұланы ансамблі өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты.

Бауыржан СЕГІЗБАЕВ, суреттерді түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*