Шымкентке шетелдіктер көп келеді

Жуырда Шымкент қаласында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды.
Ашылу салтанатына ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков, ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева мен өзге де құрметті қонақтар келді. Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы мен қызметтік кабинеттердің көрсетілу рәсімінде сөз алған мекеме бастығы: «Бұл орталық халықтың сұранысы бойынша қажеттілік туындағаннан соң ашылып отыр», – деп атап өтті.
Орталықтың ашылу мақсаты – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтар тарапынан жұмсалатын уақытты үнемдеу (3-5 күннен 1 күнге дейін). Орталықта Шымкент қаласының тұрғындарына уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу және жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге келген еңбек имигранттарына рұқсат рәсімдеу жұмыстары жүргізілмек.
Бұл орталықта бір терезе қағидасын ұстану үшін Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының Көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлеріне керекті жиһаздар, ресепшен, күту залы және терминалдармен жабдықталып, 600 шаршы метр орын бөлінген. Бұдан бөлек, осы орталықта шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметі, салық органдары, 2-ші деңгейлі банк өкілдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2014-2017 жылдар аралығында облыста ТМД елдерінен келген 178 253 шетелдік заңдастырылған. Олардан алдын ала жеке кіріс салығы бойынша бюджетке 971 166 434 теңге түскен. Биыл 5 айда 32 мың 300 шетелдік заңдастырылып, бюджетке 216 198 722 теңге ақша түскен.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*