Сурет салып, ән шырқады

Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай, Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінде көлік полицейлерінің балалары арасында сурет салудан байқау өтті.
Шараға 3-тен 13 жасқа дейінгі балалар қатысты. Сайыс басталарда Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ КЖТ инспекторы, полиция капитаны Ж. Алшынбаева кішкентай қатысушыларға сайыста сәттілік тіледі.
Өздеріне берілген тапсырмаларды тез әрі әдемі етіп орындаған балалар барын салып, түрлі суреттер салып шықты. Сондай-ақ, сайысқа барынша дайындалып келген бүлдіршіндер сурет салып қана қоймай, өлең де айтып берді.
Сайыс соңында барлық қатысқан бүлдірішіндерге алғыс білдіріліп, сыйлықтар үлестірілді.

Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*