Институттың 20-шы түлектері

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жас құтқарушы офицерлерді өздерінің қатарына қабылдады.
Олар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын іс-жүзінде пайдалана отырып, ТЖ комитетінің бөлімшелерінде қызмет етуді бастайды.
Күндізгі оқыту факультеті курсанттарының шығарылымына арналған салтанатты рәсімге ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В. Беккер, Ақмола облысы әкімінің орынбасары В. Крылов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа құрметті қонақтар қатысты.
КТИ-дың күндізгі оқу факультетінің курсанттары арасынан Ресей және Беларусь ТЖМ жоғары оқу орындарын бітіріп келген 34 жас маман да өмірге жолдама алды. Сонымен қатар, халықаралық келісімге сәйкес үшінші жыл қатарынан КТИ Қырғызстан ТЖМ үшін мамандарды дайындап шығарды.
20 жылдан астам уақыт ішінде Көкшетау техникалық институты азаматтық қорғау саласында білім беру қызметін табысты жүргізетін оқу орны ретінде танылды. Ол осы уақыт аралығында 4534 маман дайындап шығарды, сондай-ақ, шетел оқу орнының түлектері, ТЖ комитетінің 3323 қызметкері институт қабырғасында қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар, КТИ өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардан қорғау және азаматтық қорғаныс салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын болашақ ғалымдарды, сондай-ақ, спорттың көптеген түрі бойынша лайықты спортшыларды дайындайды.
Іс-шара дәстүр бойынша Ақмола облысы гарнизонының өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесімен, түлектердің ата-аналарын, олардың жақындары мен жалпы қонақтарды жоғары оқу орнының тарихымен таныстырудан басталды. Олардың назарына оқу орнының қалыптасуы мен қызметі туралы деректі фильм ұсынылды.
Салтанатты рәсімді ашық деп жариялаған институт бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов өз сөзінде Оразақ ауылындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, Атбасар қаласын су тасқынынан қорғау, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты күрделі де жауапты шараларға қатысқан бұл түлектердің ерекше екендігіне баса назар аударды.
ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В. Беккер жас лейтенанттарды институтты табысты бітірулерімен, алғашқы офицерлік атақ алуларымен құттықтап, қызметтердің және құрылымдық бөлімшелердің кадрлық күшейтілуі, қызметкерлердің кәсібилігін жоғарылату жүйенің нәтижелі жұмысының басты шарттарының бірі болып табылатынын, Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім беруге ерекше назар аударатыны атап өтті.
В. Крылов алдағы уақытта өздері, ата-аналары, облыс пен жалпы ел үшін көптеген істерді атқара алатын жас, бастамашыл, сауатты мамандарға ие болып отырғандығын айқындады.
КТИ-дағы түлектер шығарылу рәсімінің жақсы дәстүрлерінің бірі – Жауынгерлік тумен қоштасу. Осы оқу жылында түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы азаматтық қорғау лейтананты Амангелді Жұмабаевқа берілді. Ол 4 жыл бойы курс старшинасының көмекшісі болып, курста және институтта өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысқан және курстастары арасында үлгілі болды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер офицерлік қоштасу вальсін билеп, аспанға курсанттық өмірмен және оқу орнымен қоштасуды, жаңа өмірге қадам басқанын бейнелейтін шарлардан жасалған курсанттық погон композициясын ұшырды.
Жас лейтенанттар соңғы рет жалпыкурсанттық салтанатты шерумен өтіп, жас офицерлердің таза ниеттерін және мінсіз қызмет атқаратындықтарын білдіретін күміс ақшаны көкке шашты.

Көкшетау техникалық институтының
баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*