Департаменттегі салтанатты рәсім

Қазақстан полициясы күні барысында Талдықорғанда тәртіп сақшылары қару-жарақ мұражайы мен жекеменшік телестудияның салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастырды.
Қару-жарақ мұражайы мен телестудия полиция департаментінің әкімшілік ғимаратында қызмет ете бастады. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.
Қару-жарақ мұражайын құру идеясы бұрыннан пайда болғанымен, оны жүзеге асыру белгілі бір күш-жігерді талап етті. Ол үшін экспонаттар бірнеше кезеңге іріктеліп, таңдалды. Бірінші дүниежүзілік, Азамат, Екінші дүниежүзілік соғыстар жылдары, одан кейінгі кезеңдердегі экспонаттар іріктелді. Кейбір экспонаттар өзінің ерекшелігіне және эксклюзивтілігіне байланысты тарихи құнды болып табылады.
Сонымен қатар, полицейлер қонақтар назарына тікелей желі ретіндегі, конференциялар және тұрғындармен кездесулер үшін диалогтық терезе түрінде құрылған жекеменшік телестудияны ұсынды. Студияда бейнежазба бірнеше ракурста жүргізіліп, кейінірек телевизия стандарттарына сәйкес келетін бейнеде монтаж жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, бұл студияда полиция қызметіне қатысты көптеген деректі және оқу фильмдерін, имидждік бейнероликтерді түсіруге және телеарналар эфирінің кез келген форматына сай орналастыруға мүмкіндік береді.
«Біздің күш-жігеріміз құқық қорғау қызметін қоғам үшін одан әрі ашық етуге бағытталған. БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жүргізу дамып отыр. Тұрақты түрде тұрғындармен кездесулер, брифингтер және баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер, телефон арқылы тікелей желілер ұйымдастырылып, интернет-блоктардың жұмыстары белсендірілуде. Бұл жағынан студияның ашылуы БАҚ және тұрғындармен қарым-қатынастағы біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтуде. Телестудия сөз сөйлеу және сұхбат беру, диалогтық терезе үшін полиция мен тұрғындардың арасындағы өзіндік көпір болады», – деді өз сөзінде Алматы облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов.
Салтанатты шараның кішкентай қонақтары – Іле ауданында оқитын кадет сыныбының оқушылары полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, департаментке саяхат жасады.
Сонымен қатар, Қазақстан полициясы күніне орай, қызметте ерекшеленген тәртіп сақшылары түрлі марапаттарға ие болды. Облыс әкімі Амандық Баталов тәртіп сақшыларына жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*