Сүйікті газетке – 85 жыл

Ақтөбе облыстық ІІД мұражайында «Saqshy», «На страже» газеттерінің 85 жылдық мерейтойына арналған шара ұйымдастырылды. Осы шара аясында елімізде 28 маусымда атап өтілетін журналистердің кәсіби меркесі қарсаңында өңірдегі жергілікті және республикалық газет пен телеарналар және ақпаратық порталдардың Ақтөбе облысындағы меншікті тілшілері полицияның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс хатпен марапатталды.
Салтанатты шараға Ақтөбе облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жақсылық Нысаналин, мұражай меңгерушісі Айша Өтеулина, жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері және қаладағы №30 орта мектептің жас инспекторлар жасағы қатысты.
Мұражайда «Saqshy», «На страже» газеттерінің әр жылдардағы сандары қойылған көрме және БАҚ-пен байланыс жөніндегі фотокөрме ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада қос газеттің қысқаша тарихы айтылды. Мектеп оқушылары басылымдардың мерейтойына арнаған жылы лебіздерін тақпақтармен жеткізді. Әрі балалардың қатысуымен түсірілген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
«На страже» газеті 1933 жылдан бастап жарық көріп келеді. Архив деректеріне қарағанда, газеттің алғашқы нөмірі «Страж» деп аталған. 50-жылдары «Казахстанская милиция», кейін 1960 жылы «На страже» деген атаумен жарық көре бастаған. 1992 жылдан бастап қазақ тіліндегі «Сақшы» газеті шыға бастаған.
Мерекелік шара аясында басылымдардың қазақстандық полицияның жаршысына айналғаны айтылды. Газеттер тәртіп сақшыларының күнделікті қызмет барысын, сақшының келбеті мен білікті кадр образын жан-жақты ашып көрсетеді. Бүгінгі таңда басылымдар ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі мен жетістіктерін насихаттауда үлкен рөл атқарады.
Салтанатты шара аясында кәсіби мереке қарсаңында ақтөбелік бір топ журналист Ақтөбе облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Махамбет Абисатовтың алғыс хатымен марапатталды.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*