Шартты түрде сотталғандар тексерілуде

Аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау жəне қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында маусымның 18-28 күндері аралығында «Шартты түрде» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметі мен Қармақшы аудандық пробация қызметі бірлесіп ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға бақылау жұмыстарын жүзеге асыру, соттың үкімімен белгіленген шектеулердің заңды тәртіпте орындалуын қадағалау, олардың жүріс-тұрысына ерекше бақылау орнату, сотталған тұлғалардың пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты немесе жұмыс орнын тастап кетпеуіне бақылау жасау.
Іс-шара барысында аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы және жұмыс орындарынан аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірге тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, сотпен белгіленген талаптар мен міндеттер қосымша түсіндірілуде.

Қармақшы аудандық Пробация қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*