Ұрлықпен күрестің ұтымды жолы

Ұрлықтың алдын алу және қылмысты ашу азаматтардың мүліктік құқықтарына қылмыстық қол сұғушылықтың анағұрлым кең тараған түрі ретінде әрдайым ішкі істер органдары қызметінің басым бағыты саналады.
Барлық қылмыстық оқиғалар ішінде олардың үлесі жыл сайын 60-70%-ға жетеді. Азаматтардың тұрғын үйлеріне ұрлыққа түсу оқиғалары жоғары деңгейде қалып отыр. Олардың үлес салмағы жасалған барлық қылмыстардың төрттен бірін құрайды. Ұялы телефон (32%), мал және автокөлік ұрлау (20%) оқиғалары да көп. Ал олардан түскен залал ондаған миллиард теңге деп есептеледі.
2017 жылы жүргізілген іс-шаралар кешені нәтижесінде барлық облыстарда ұрлық-қарлық қылмыстары санының төмендегені байқалды.
Ұрлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған ведомстволық бағдарлама әзірледі. Ол Бас прокуратурамен, Энергетика, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктерімен келісілді.
Бағдарлама белгіленген іс-шараларды тиімді іске асыруда жан-жақты көмек көрсету, едәуір пәрменді ескерту жұмыстарын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының, қоғамның және полицияның одан әрі ынтымақтастығын дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға жолданды.
Осы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы мәселе барлық облыстар әкімдерінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия отырыстарында қаралды.
Сонымен қатар, барлық тіршілік әрекетіндегі қоғамдық қатынастардың, ғылыми және техникалық мүмкіндіктердің дамуына байланысты ұрлықтарға жол бермеу жөніндегі ескерту жұмыстары оны ұдайы жетілдіруді қажет етеді.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу үшін бейнебақылау камераларын пайдалану (оларды қоғамдық орындарда, көшелерде, үйлердің аулаларында және подъездерде орналастыру) ахуалдың оңалуына оң ықпал ететінін атап өту қажет. Тұрғындар және жеке кәсіпкерлер арасында үгіттеу жұмыстарын жүргізу де мүлікті қорғаудың қазіргі заманғы құралдарын енгізуге мүмкіндік береді. Ал пәтер иелері кооперативімен, жеке күзет құрылымдарымен, ірі шаруа қожалықтарының иелерімен өзара іс-қимыл сигнализациялармен жарақтандырылған тұрғын үйлердің санын арттыруға және мал ұстау орындарын техникалық жағынан нығайтуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, ұрлықтың әрбір түрі бойынша (пәтер, мал, автокөлік, ұялы телефон, қалта ұрлығы және т.б.) бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар қолға алынды, атап айтқанда:
– мал жаю қағидаларын бекіту, сондай-ақ, осы қағидаларды бұзғаны үшін әкімішілік жауаптылық енгізу бойынша мәслихаттардың (жергілікті өкілдік органдар) құзыреттілігін заңнамалық бекіту;
-көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына және кіреберістеріне бейнебақылау жүйелерін орнату, мүлікті қорғаудың басқа да техникалық құралдарын орнату практикасын жалғастыру (темір есіктер, коды бар құлыптар, домофондар, сигнализациялар және т.б.);
– ірі сауда орталықтарында, базарларда және қоғамдық көліктерде бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ, ескерту сипатындағы аудио және бейнеақпараттарды ұдайы негізде трансляциялау;
– қалаларда жол жүру қағидаларын және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтаудың қозғалмалы және стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу мәселелерін пысықтау кіреді.
Атыс қаруларын ұрлаудың алдын алу және осы санаттағы қылмыстарды ашу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Бірінші кезекте, бұл азаматтық қару алуға рұқсат беру кезінде азаматтардың үй-жайларға күзет жүйесін орнату бойынша заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, жүк құралдарынан зат ұрлауға қарсы іс-қимыл, әуежайлар аумақтарында, оның ішінде кіруі шектеулі және бақыланатын аймақтарда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, көліктік бақылау бекеттерінде орнатылған қадағалау жүйелерінің мүмкіндіктерін автокөліктерді ұрлауды және айдап әкетуді ескертуде және оларды ашуда пайдалану мақсатында оларды ішкі істер органдарымен бірегейлендіру бойынша шаралар пысықталуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара іс-қимыл негізінде мал ұрлығының алдын алу және ашуда мүдделі «Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру» автоматтандырылған базасын пайдалану бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осы және басқа да іс-шараларды өткізу криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, алдын алу жұмыстарының деңгейі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашу көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Нұржан РАХМЕТУЛЛАЕВ,
ІІМ Криминалдық полиция
департаментінің Басқарма бастығы,
полиция полковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*