Білім мен білек сайысы

Ішкі істер органдары ақпараттық-аналитикалық құрылымына 100 жыл толуына орай, 14-15 маусым аралығында өткен «Үздік маман» сайысында Атырау облыстық ІІД ААО қызметкерлері ҚР заңнамаларынан тест тапсыру және физикалық, атыс даярлығы бойынша сынақтан өтті.
2 күнге жалғасқан сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерді облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қ. Үмбетқалиев марапаттады.
Исатай аудандық ІІБ Ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы, полиция майоры М. Манашева мен Атырау қалалық ІІБ №2 ҚПБ Ақпараттық-аналитикалық тобының технигі, полиция сержанты А. Құрманғалиева 2 және 3 орындарды өзара бөліссе, сайыс барысында кәсіби біліктілігімен қатар, физикалық тұрғыдан әбден жаттыққан қызметкер екенін көрсете білген Жылыой аудандық ІІБ Ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы, полиция подполковнигі Г. Қонарова 1-орынды жеңіп алып, тамыз айында Ішкі істер министрлігінде өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*