Пайдасы мол жаңа қондырғы

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері жеңқұбырларға техникалық қызмет көрсету үшін қондырғы құрастырды.
Қондырғы үш түрлі қызмет атқарады: жеңқұбырларды байлау, басқа қабырғасына аудару және өрттен, өрт-тактикалық жаттығудан немесе сабақтан кейін жеңқұбырды тез жинау.
Үш қондырғы біріктіріп жинақталған бұл бұйымды жасауға Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Байқоңыр кешені бойынша Федералдық өртке қарсы қызметі №70 арнайы басқармасының қызметкерлері және ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау майоры Н. Исановтың кездесуі кезінде ой келген. Оны іске асыруға №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Е. Құланшиев пен №12 Өрт сөндіру бөлімі автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Ә. Әнәпия көмектесті.
Қондырғыны орнату тұсаукесері Қызылорда облысы өрт сөндіру бөлімдері бастықтарының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында азаматтық қорғау майоры Н. Исанов қондырғының жұмысын көрсетіп, оның басты мақсаты туралы айтты. Өз сөзінде ол құрал-жабдық жеңқұбырларды сапалы байлау, басқа қабырғасына аудару және жеңқұбырды пайдалану жұмысын ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бүгінгі таңда облыстың әрбір өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдететін және өрт сөндіру жеңқұбырларының сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік беретін бір құрал бар.

Қызылорда облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*