«Ақмешіттегі» үгіт-насихат

«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары шомылу маусымы кезінде төтенше жағдайларды болдырмас үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Қызылорда облысының су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу жөніндегі барлық шараларға қарамастан, жыл басынан бері 4 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 1 кәмелетке толмаған баланың ажалы ата-ананың қадағалаусыз қалдыруы салдарынан орын алған.
15 маусымда құтқарушылар халықтың көп шоғырланатын жерлердің бірі – Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» мешітінде жұма намазға жиналған халыққа судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтып, жадынамалар таратты.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары қарапайым сақтық шараларын ұстануды және мамандардың кеңестерін тыңдауды ескертеді. Бұл – суға батып кету сынды қайғылы оқиғалардың алдын алатын шарттардың бірі.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*