Төтенше жағдай төнгенде

15 маусымда Петропавл қаласында «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарының алдын алу бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссиясының іс әрекеттері, сонымен қатар, Азаматтық қорғаныс шараларын орындау» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрды. Тәжірибелік шараларды орындау алдында, оқу-жаттығудың барлық қатысушыларына қойылған талаптар мен мақсаттар жеткізілді, сонымен қатар, Петропавл қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің жоспарлы құжаттары қаралды.
Шұғыл әрекет ету жасағының сапқа тұрғызылуы – ТЖ пайда болған кезде бөлімшелердің іс-әрекеттерді орындау бойынша тәжірибелік іс-шараларының басты кезеңі. Белгіленген уақытта жиналу орнына облыс орталығының жиырмадан астам ұйымының негізінде құрылған, жоғары дайындықтағы құрылымдардың бөлімшелері мен техникалары сапқа тұрды.
Одан кейін бекітілген сценарий бойынша адамдар көп жиналатын объектілерде жаттығуларды орындау басталды. Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл темір жол стансасында цистерналардың жолдан шығып кетуі салдарынан болған ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер орындалды.
Командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде аумақтық азаматтық қорғау құрылымдары Александр Винокуров атындағы спорт сарайында шартты өртті сөндіру бойынша шараларды жүзеге асырды. Төтенше жағдайды жоюға ТЖД, ІІД, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы, апаттық медицина орталығы және жедел-құтқару жасағы қатысты.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметінің нәтижелі екенін көрсетті. Олар Қазақстан мен Ресейдің халықаралық форумы қарсаңында нысандардағы ТЖ жою бойынша кешенді іс-шараларды орындауға дайын екендігін дәледдеп шықтоы.

Қуат МАХМЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*