Аллея – тарихи тамырластық белгісі

Жуырда ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында «Академияның 50 жылдығына арналған құрметті қонақтар мен түлектер аллеясының» мерекелік ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Академия бастығы, полиция генерал-майоры Д. Кенжетаев, Академияның түлектері, генерал-лейтенант К. Душебаев, полиция генерал-майорлары М. Нукенов, Б. Байжасаров, Р. Өзбекғалиев және өзге де 1978 жылғы түлектермен қатар, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, ардагерлері және курсанттары қатысты.
Аллеяның ашылуы – Академия тарихындағы атаулы оқиға. Енді біздің оқу орнының құнттап ұсталатын дәстүрлеріне тағы бір тамаша тарихи бет қосылды.
Өзінің құттықтау сөзінде полиция генерал-майоры Д. Кенжетаев Антуан де Сент-Экзюперидің «Цитадель» кітабынан дәйексөз келтірді: «Бір күні жағдайдың қисынсыздығына қарай терезесі жоқ қараусыз қалған лашық үйде өскен ағаш жарық іздеуге шықты. Адамға ауа керек, балыққа – су, ал ағашқа – жарық. Ол тамырымен жерге, ал бұтағымен жұлдыздарға бойлайды, ол бізді аспанмен жалғастырып тұрған жол».
Аллея өзіндік нақышта безендірілген: құрметті қонақтардың келуімен сүрлеу жолдың бойына әртүрлі ағаштар отырғызылады, сонымен қатар, кім және қашан отырғызғаны туралы тақтайша орнатылады. Неге ағаш? Себебі, ағаш – адамзаттың рухани мәдениетінің ең әмбебап нышанының бірі. Ол әлем бірлігінің нышаны, Аспан мен Жердің, адам мен оның рухани биіктік жолының, өмір кезеңінің, өлім мен жанданудың, ғаламды және оның мәңгілік жаңару процесінің, асыл даналықты және болмыстың тылсым заңдарының жалғастырушысы. Көп елдердің аңыздарында екі орталық «Өмір» және «Жақсылық пен жамандықты тану» ағашы жиі кездеседі.
«Бұл аллея ғаламшардағы ең таза, ең игі бейбітшілік пен ынтымақтастықтың нұрын шашады. Академияның 50 жылдығына арналған құрметті қонақтар мен түлектер аллеясының жанынан өткен әр адам өзімен бірге қазақ жерінің қонақжай және ақ пейілді жерінің бөлшегін өзімен бірге ала кетсін», – деген ниетпен алғашқы талды курс бастығы, полиция полковнигі Е. Попов және топ жетекшісі, полиция подполковнигі С. Төлегеновамен бірге 308-оқу тобының курсанттары (2015 жылғы алым) екті.

Қарағанды Академиясының баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*