Дұрыс дін достыққа шақырады

SAMSUNG CSC

Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты Жолдауында басым міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы іс-қимыл айқындалған. Бұл ретте қоғамда, ең алдымен жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ, конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылады.
Қазіргі кезеңде әлемдегі жаһандану үрдісі халықаралық және ұлттық қауіпсіздік ахуалына елеулі әсерін тигізіп отыр. Әр адам өзіне жақын діни нанымды ұстануға ерікті, бірақ та осы дінді дұрыс түсінбеушілік, діни сауатсыздық сол адамның өзіне қарсы тұруы мүмкін, оның тұлғалық қасиеттерінің бұзылуына және еркіне қысым етуіне әкеп соқтырады. Мұндай жағымсыз әрекеттердің алдын алудың жолы – дін мәселесі төңірегінде халықпен белсенді жұмыстар атқару болып табылады. Осы мақсатта ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қаласы) әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклының оқытушылары, облыстың жоғары оқу орындарының оқытушылары және Қостанай қаласының «Жайлаубай ата» мешітінің имамы мен Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі А. Бүкіров қатысқан берге кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді Оқу орталығының бастығы Ардақ Берікұлы ашып, қатысушы қонақтарды таныстырды.
Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша маманы, әрі ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі, полиция капитаны Мырзабек Тойғанов өзінің «Дін саласындағы Рухани жаңғырудың жолы» тақырыбында баяндама жасап, елімізде Исламның жандануымен байланысты бірқатар мәселелерді көрсетті.
Қостанай қаласының «Жайлаубай ата» мешітінің имамы Дайыр Дүйсен тағылымдамашыларға Исламның тарихы, адам баласының бойындағы адамгершілік қасиеттер, мұсылмандықтың парыздары, оқу мен білім жолындағы сауаттылықтар жайында уағыз-насихат айтты.
Ал, ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, полиция капитаны Болат Әлпейісов тағылымдамашыларға Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы жайында көптеген тарихи дәлелдерді айтып кетті.
Кездесу соңында сөз сөйлеген баяндамашыларға тағылымдамашылардың тарапынан сауалдар қойылып, жауап алынды.

А. ДҮЙСЕНБАЕВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*