Жабайы жағалау жаза бастырады

Жақында «Атырау облысы аумағындағы су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт-насихат шараларын атқару жоспарына» сәйкес, Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары А. Сәрсенбаев пен Д. Лұқманов Атырау облысы ТЖД және облыстық ІІД қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында, құтқарушылар су айдындарында ата-ананың қарауынсыз жүрген бірнеше баланы байқап, олармен судағы қауіпсіздік ережелері туралы нұсқама өткізіп, үйлеріне жіберді.
Сондай-ақ, рұқсат етілмеген жерлерде демалып жатқандардан жабдықталмаған жабайы жағалаудан кетуді талап етті.
Тұрғындар судың қаншалықты қауіпті екенін ұғына бермейді. Өзен жағасында демалғанда қауіпсіздік шараларына немқұрайлық танытады. Құтқарушылар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін ескертті.
Су айдындарындағы төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған кешенді іс-шаралар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.

Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*