Қос аудандағы кездесулер

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы сақшылардың қызметін тексеріп, Кішкенекөл мен Талшық ауылдарында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Уәлиханов ауданының құрамында 11 ауылдық округ бар. Әр округтегі құқықтық тәртіпті тәулік бойы аудандық полицияның қызметкерлері қадағалайды. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов және Уәлиханов ауданының әкімі Медет Оспанов ауылдағы полицейлердің жұмыс жағдайымен танысты. Бөліністің автопаркін тексеруге ерекше көңіл бөлінді. Аудан орталығының учаскелік полиция пунктінің үй-жайында департамент бастығы азаматтарды жеке қабылдады. Ауыл тұрғындарының бірі интернет-алаяқтықты ашқандары үшін жедел уәкілдерге алғыс айтты.
Ақжар ауданының Талшық ауылында ІІД бастығы жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты және жеке құраммен кездесті. Азаматтарды жеке қабылдау полицияның учаскелік пунктінде өтті.
Аудандық ІІБ басшылығына және ІІД мүдделі қызметтеріне жасалған әрбір өтініш бойынша тапсырмалар берілді, сондай-ақ, нақты мерзімдер белгіленді. Жыл басынан ІІД бастығының қабылдауында 62 адам болған.
Берік Біләловтың қабылдауында болған тұрғындар жұмысқа орналасу туралы да сауалдарын қойды. Сондай-ақ, өткен аптада әскери комиссариатта ІІД басшылығының әскерге шақырылушылармен кездесуі өткен болатын. Берік Біләлов әскер қатарына жаңа қабылданғандарды әскери борышты өтегеннен кейін құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға шақырды. Бұл жас сарбаздар бір жылдан кейін туған өлкесіне оралып, тәртіп сақшыларының қатарына қосыла алады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*