Мазмұн байлығы маңызға ие

Таяуда Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығында (Астана қаласы) елордамыздың 20 жылдығын мерекелеу іс-шаралары шеңберінде «Астана – бақыттың қаласы» атты сурет салу байқауы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – балалар бойында елордаға, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Байқау екі бөлімнен тұрды. 5-8 және 9-12 жас аралығындағы жас жеткіншектер қатысқан өнер сайысында олар өздерінің сүйікті қалаларын қағаз бетіне түсірді.
Кішкентайлар тобынан алға суырылып шыққан Адина Тоқжанова акварель бояуымен Хан Шатырды нақышына келтіре салып, І орынды иеленді. ІІ орынды Саина Бимбетова жеңіп алса, ІІІ орынға кішкентай Сабина Ерланова ие болды.
9-12 жасар балалардан құралған топ ішінен І орынды алған Әлихан Ашкенов еңбегін қазылар алқасы суреттің шеберлігіне емес, мазмұнына қарай бағалады. Әлихан өз еңбегінде «рухани жаңғыру» сөзін де ұмытпаған, сонымен бірге, ол Отанға деген сүйіспеншілікті және Отанды сүю отбасынан басталатынын көрсеткен. ІІ орынды әдемі суретімен Адия Берікқызы иеленсе, ІІІ орынды Әлижан Жүрсінтай жеңіп алды.
Мерекелік байқауға белсене қатысқан балалар құралақан қалмай, Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Әшкенұлының қолынан грамота алып, сыйлықтарға ие болды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Сондықтан балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін осы сынды іс-шаралар біздің Оқу орталығымызда жиі өтіп тұрады.

Жұлдыз ҚҰСАЙЫНОВА, Астна қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*