Жайықтағы құтқарушы қайық күшейтілген режимде қызметке кірісті

«Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі құтқарушыларының басты міндеті – судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу және санын азайту.
Су айдындарында адамдар қазасын болдырмау мақсатында, сондай-ақ, суға түсу маусымы кезеңінде тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін үйрету үшін жасақ құтқарушылары 1 маусымнан бастап күшейтілген режимге ауысты.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген тұрғындарды анықтау мақсатында құтқарушылар күн сайын Жайық өзенінде қайықпен рейд өткізеді, жадынамалар таратады.
Сондай-ақ, жасақ құтқарушылары сауда үйі, базар, дүкендер, спорттық кешен және саяжайларға барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, адамдар көп жиналатын орындарда дауыс ұлғайтқыш арқылы судағы қауіпсіздік ережелерін хабарлап келеді.
Үнемі өткізілген рейдтер мен әңгімелесулер нәтижесінде қайықтарға құтқару жилетінсіз мінетін адамдар саны мен жасөспірімдердің пирстардан секіру фактілері азайған.
Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы қызметкерлері жергілікті тұрғындарды тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде ғана шомылуға, шомылу кезінде бір-бірін көзден таса қылмауға, жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеуге, жүзу білмейтін адамдарды дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбауға, жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындауға, қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеуге, түнгі уақытта және мас күйде суға шомылмауға шақырады.

Батыс өңірлік аэроұтқыр
жедел құтқару жасағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*