Келешекке кемел жол

6 маусымда Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы қызметкерлері Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен бірлесіп, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Н. Мұқатов, философия ғылымдарының кандидаты Т. Жақыпова және Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК-ның директоры қатысты.
Олар Мемлекет басшысы Жолдауының нақты тарауларына толығырақ тоқталып, қазақстандық білім беру және мәдениет саласын жаңғырту мен цифрландыруға ерекше көңіл аударды.
«Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын Жолдаудың жетінші басым бағыты өте үлкен қызығушылық тудырды. Адами капиталдың жаңа сапасы бүгінгі күнгі өзекті мәселе екені даусыз. Сондай-ақ, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде озық жүйе құруды жеделдету қа¬жеттігі ерекше атап өтілді.
Тамара Сәлімқызы өзінің және өзге адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысының Астана қаласының дамуы үшін жасап жатқан қамқорлығы оны динамикалы дамып келе жатқан мегаполиске, қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті еуразиялық қалаға айналуына серпін болуда.
Нағашыбай Оразбайұлы Жолдаудың тоғызыншы бөлігі Астана қаласына арналғанын және Астана – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың адами және саяси ерлігі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, шара барысында «Қазақстанның алпауыт географиясы», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Жаңа гуманитарлық білім беру» жобалары талқыланды.
Іс-шара барысында кітапханада «Ел жүрегі – Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Э. КАНАТЧИНА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*