Қуанышы сәбидің – жұбанышы әр үйдің

Жуырда Алматы облыстық ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының қызметкерлері Талдықорған қаласының Сәбилер үйіне келіп, балаларға ой-сананы дамытатын ойындар мен конструкторлар, түрлі тәтті тағамдар сыйлады.
Қонақтардың пейіліне шаттанған сәбилер де сақшыларды өздері дайындаған концерттік бағдарламамен қуантты.
Ана мен бақытты балалық шақ жайында ән шырқаған бүлдіршіндердің өнеріне риза болған полиция қызметкерлері сәбилермен бірге суретке түсті.
– Талдықорған қаласындағы Сәбилер үйінде 4 жасқа дейінгі 37 бала тәрбиеленуде. Бұл жолғы шара кезінде Сәбилер үйінің әкімшілігі полиция қызметкерлерімен болашақ жоспарларын жүзеге асыру жолдарын талқыласа, ІІД ААО-ның басшылығы да өз кезегінде балаларға көмек қолын созып, түрлі шаралар ұйымдастыруға ұйтқы болатындықтарын жеткізді, – дейді Орталық бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанар Асылкенқызы.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*