200 құрылғы сыйға тартты

Көкшетауда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай полиция қызметкерлері «Океан» сантехника дүкенінің өкілдерімен бірігіп, қала тұрғындарына балаларды көлікте тасымалдау үшін пайдаланылатын 200 құрылғы сыйлады.
«Кішкентай жолаушыларды тасымалдау кезінде балаларға арналған автоорындықтарды немесе құрылғыларды пайдаланудың маңыздылығын жүргізушілер есіне салу мақсатында қайырымдылық науқанын өткізіп жатырмыз. Барлығы 200 құрылғыны полиция қызметкерлерімен бірігіп қала тұрғындарына сыйға тартамыз», – дейді «Океан» дүкенінің өкілі Ирина Ляпкало.
Автокөліктерді тоқтатқан тәртіп сақшылары олардың құжаттарын тексеріп, көліктегі балалар қауіпсіздігі жайлы әңгіме өткізсе, Ирина Анатольевна оларға арнайы құрылғыларын сыйлады.
Мұндай тосын сый,а қалалықтар қуанып, науқан ұйымдастырушыларына шын алғыстарын білдірді. «Бұл өте маңызды құрылғы және мұндай шара балаларды қорғау күні өтіп жатқаны қуантады», – деді Әлия есімді қала тұрғындарының бірі.
«Көбінесе ата-аналар балаларды тасымалдаудың қарапайым ережелеріне назар аудармай, олардың өміріне қауіп төндіріп жатады. Күнделікті қызмет барысында мұндай фактілер кездеседі», – дейді полиця сержанты Нариман Сабдин. Атап өту қажет, осы іс-шара барысында мұндай жағдайға көзіміз жетті: автокөліктердің бірінде екі бірдей баланың ешбір қауіпсіздік құрылғысынсыз тасымалдау фактісі анықталды. Алайда, бұл жолы жүргізушіге айыппұл салмай, тек ескерту жасалынып, 2 құрылғы табысталды.
«Біз «Океан» дүкенінің өкілдеріне мұндай бастамашылық үшін алғысымызды білдіреміз, сонымен қатар, жүргізушілерден қажетті ережелерді сақтауды сұраймыз. Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен сіздердің заңды сыйлауларыңызға байланысты», – деп ойын түйңндеді полиция сержанты Нариман Сабдин.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*