Ақпарат – әр қызметтің бастауы

Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі ақпараттық қызметтің тарихы 1918 жылдың 23 қыркүйегінде Ресей Федерациясының Ішкі істер халық комиссариаты Алқасының шешімімен «Ішкі істер комиссариатының статистикалық бөлімі және қылмыстық тіркеу туралы» Ереженің бекітілуінен бастау алады.
1968 жылы ІІМ-нің жедел-техникалық басқармасына қарасты КСРО ІІМ-нің Ақпараттық-есептеу орталығы мен оның аймақтық органдары құрылды.
1970 жылдың 9 қаңтарында КСРО ІІМ-не қарасты Бас ақпараттық орталық, республикалық Ішкі істер министрліктерінде – Ішкі істер басқармаларында осыған ұқсас ақпараттық орталықтар құрылды.
2001 жылы штаттық ұйымдастыру өзгерістеріне байланысты Ішкі істер басқармасының Техникалық қызмет басқармасы мен Штаб-басқармасына қарасты Ақпараттық орталық, 2004 жылы өз бетінше қызмет атқаратын құрылым – Ақпараттық-техникалық қызмет басқармасы пайда болды.
Ал 2012 жылы Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің Техникалық қызмет басқармасы мен Ақпараттық-аналитикалық орталығы құрылды.
Қазіргі таңда Қызылорда облыстық ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығын полиция полковнигі Расул Берманов басқарып отыр.
Оның басшылығымен осы құрылымда біріктірілген деректер банкіне деректерді енгізу, түзету және өңдеу жұмыстарын жүргізетін, сонымен қатар, енгізілген ақпараттардың дұрыстығына, толықтығына және қауіпсіздігіне жауапты тәжірибелі мамандар қызмет атқарады.
Қызметкерлердің қылмыстарды тергеу, ашу және олардың алдын алу жұмыстары негізінен ішкі істер органдарындағы ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі арқылы қажетті ақпараттарды алумен байланысты. Қазіргі таңда ішкі істер органдарында жедел-тергеу және іздестіру шараларын жүргізу және басқа да қызметтік мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қажетті кең көлемді жедел-іздестіру және анықтамалық ақпараттар деректері жинақталған.
2017 жылы ААО-ның автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің көмегімен 1016 қылмыс ашылды, ол өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштерден 127,3%-ға артқан.
Сонымен қатар, жеке құрам бойынша ұзақ мерзімді сақтауға жататын, оның ішінде ғылыми-практикалық, тарихи маңыздылығы бар 25 мың құжат сақтауда тұрған арнайы мемлекеттік мұрағаты – Ақпараттық-аналитикалық орталық жұмысының негізгі бөлігі. Олардан басқа ішкі істер бөлімдері басшыларының бұйрықтары, қаржылық, бухгалтерлік есеп беру құжаттары және де ішкі істер органдарының кадр бөлімі бойынша құжаттар бар.
2014 жылы ұлттық қауіпсіздік органдарынан Ішкі істер департаментіне ақтауға жатпайтын тұлғаларға, қуғын-сүргінге ұшырап, сот органдарымен ақталған азаматтарға, сондай-ақ, сүзгіден және тексеруден өткен бұрынғы әскери тұтқындар мен Германиядан шығарылған бұрынғы КСРО-ның азаматтарына қатысты мұрағаттық қылмыстық істері өткізілгеннен бастап, жеке және заңды тұлғалардың сұраныс хаттарының саны артты.
Азаматтардың қуғын-сүргінге ұшыраған туған-туыстарына қатысты мәліметтер алу мүмкіндігі бар ІІМ-нің веб-порталында орналастырылған «Мемориал» арнайы сервисінің әлеуметтік-саяси маңыздылығы өте зор.
Қажетті мәліметтерді алып, хабар-ошарсыз кеткен туған-туыстарының тағдырларынан хабардар болған азаматтар ізгі ниеттері мен алғыстарын айтуда.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*