Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа векторы

Биыл 10 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланды. Бұл Жолдаудың ерекшелігі – технологиялық, экономикалық және әлеуметтік терең де қарқынды өзгерістер дәуірінде жаңа технологияларды енгізу арқылы инновациялық индустрияландыруға ерекше көңіл аударылуы.
Осыған дейінгі алға қойылған ұзақ мерзімді мақсаттар өзгеріссіз қалады. Бұл үшін елімізде «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы», «Цифрлы Қазақстан», Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары іске асырылуда. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына кіру және жаңа әлемдік дағдарыс жағайында одан әрі экономикалық даму жолындағы 10 негізгі міндет белгіленген.
Ұлт көшбасшысы алға қойған басты басым бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық деңгейде жүргізілуі тиіс.
Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мақсатты ауқымды жұмыстары үнемі жүргізілетінін атап кеткен жөн. «Нұр Отан» партиясының филиалымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен, прокуратурамен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жеке құрам арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, семинарлар мен дәрістер өткізілді, парақшалар мен брошюралар таратылады, фильмдер мен бейнероликтер көрсетіледі.
Халықпен және бизнеспен өзара іс-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету «бір терезе» қағидасымен әрекет етеді. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен департаментте ТЖ аймағынан мәліметтерді визуализациялайтын жүйемен, сондай-ақ, ТЖ-ны жою кезінде операциялық шешімдерді шығару құрылғысымен жабдықталған заманауи автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық базасы бар «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін және облыс әкімінің жағдаяттық орталығын құру жоспарлануда. Аталмыш жобаның мақсаты – табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі, террористік қауіп туындаған және пайда болған кезде азаматтардың «112» бірыңғай телефон нөміріне көмекке жүгінуіне мүмкіндік беретін «бір терезе» бойынша жедел және апаттық қызметтерге қолжетімділігін ұйымдастыру.
Президент өз Жолдауында ЖОО түлектерінің білімі мен оларды жұмысқа орналастыру саласын дамытуды ерекше атап өтті.
Департаментте кадрларды сапалы таңдау және орналастыру жұмысы ұйымдастырылған, бұл әсіресе ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты мен Ресейдің мамандандырылған ЖОО-ларына қатысты. Кадрлық қызметтер КТИ-ге үміткерлер іріктеу бойынша жоспарланған барлық іс-шараларды, үміткерлерді әскери-дәрігерлік комиссиядан өткізуді, полиграфиялық зерттеулерді өткізеді, сондай-ақ, психологиялық тестілеу нәтижелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Тәлімгерлік институтын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жас қызметкерлерге тәжірибелі, сауатты мамандарын тәлімгер етіп бекіту ІІМ-нің «ҚР ІІО-дағы жас қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікті жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» бұйрығының барлық талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Технологиялық саладағы жаңа құбылыстар және олардың экономикалық, әлеуметтік және басқа салаларға ықпал етуі мемлекеттік басқару секторларын қоса алғандағы одан әрі жаңғырту процестеріне жағдай туғызады. Осы мақсатта департаментте дағдарыс жағдайларында облыс халқы мен мемлекеттік органдарын құлақтандыру және ақпараттандыру, басқару жүйелерін, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрландыруды ақпараттық-технологиялық жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылады.
DMR цифрлық стандартына көшу үшін Батыс Қазақстан облысы ТЖД-да 2016-2017 жылдары Hytera PD-785G 100 тасымалдау радиостансасы, 16 УКВ мобильдік радиостансасы, 30 КВ стационарлық радиостанса, 18 УКВ ретранслятор алынды. Жыл сайын осындай көлемде алу жоспарланады.
Өрт техникасының орналасқан орны туралы мәліметтерді жинауға (Hytera радиостансасында GPS кіріктірмесі арқылы) мүмкіндік беретін автоцистернада отын мен судың қорын, қозғалтқыштың жұмысын есіктің ашылып-жабылуын мониторингтеу мүмкіндігі бар нақтылы уақыт режиміндегі «Smart Dispatch» жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Радиоқұрылғылардың орналасқан орны туралы барлық мәліметтер келесі қарауға және талдауға арналған Smart Dispatch мәліметтері базасында сақталады. Қандай да бір радиоқұрылғының орналасқан орны туралы мәліметтерді сұрастыру, сондай-ақ, көрсетілген уақыт аралығындағы оның ауысу маршрутын қарап шығу мүмкіндігі бар.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен облыстың құлақтандыру жүйесін жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жоспарлануда, себебі 40 жыл бұрын құрылған (жасақталған) құлақтандыру жүйесі ескірген және облыс тұрғындарын 100 пайыз қамтамасыз етпейді. Жаңғырту шеңберінде 500 адамнан асатын халқы бар елді мекендерді сиреналармен жабдықтау жоспарлануда.
Департаменттің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметпен ақпараттық өзара әрекетін ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 аудандық бөлімшеге бейнеконференцбайланыс режиміндегі жиналыс өткізу, сондай-ақ, ТЖ орнынан бейне-трансляцияны қамтамасыз ету мүмкіндігі бар кең жолақты қолжетімділікті жүзеге асыру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының Жолдауда қойған негізгі міндеттерінің бірі – саламатты өмір салты мен ұлт саулығын насихаттау. Осы мақсаттарда Төтенше жағдайлар комитеті 2018-2020 жылдарға саламатты өмір салтын қалыптастыру және ауру-сырқау профилактикасы бойынша іс-шаралар жоспарын дайындады. Ең алдымен ішімдікке салыну, онкологиялық аурулар, жарақаттану профилактикасы, дене жаттығулары және спортпен айналысуды, медициналық тексеруден уақытылы өту насихатталмақ.
Денсаулықты нығайту және ұжымды біріктіру мақсатында жеке құрам арасында түрлі тимбилдингтер, спартакиадалар, қызметкерлердің жанұялары қатысатын жарыстар үнемі ұйымдастырылады.

Е. АРЕФИНА,
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Ақпараттық-аналитикалық бөлімше бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*