Жасөспірім қараусыз қалмасын

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау – Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналды полициясының басты міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта ағымдағы жыл басынан бері «нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша әр жұма, сенбі және жексенбі күндері 50-ден астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып келеді.
Тәртіп сақшылары осы аралықта алдын алу іс-шарасы кезінде үлкендердің қарауынсыз қалған 500-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірімді бейімдеу орталығына жеткізген. Түнгі уақыттарда заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 2732 жасөспірімді, ойын-сауық орындарында болған 130 жасөспірімді анықтады. Профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілетін құқық бұзушылыққа бейім 485 жасөспірім және 281 қолайсыз отбасы ІІО есебіне алынды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД ЖПҚ ювеналды полиция қызметкерлері атап көрсеткендей, осы тектес іс-шаралар мен акцияларды өткізу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмауға әсер етеді және адамгершілік құндылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жасөспірімдер арасындағы мұндай шараларды жалғастыра береді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД
Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*