Ақсақаловтың алғыс хаты

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінде Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Қ. Ақсақаловтың атынан өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі хатта су тасқыны кезінде тұрғындар ішінде алдын алу жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін құтқарушылар тобына алғыс айтып, зор денсаулық, жетістік және қызметте өркендеуіне тілектестік білдірген.
Естеріңізге салсақ, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылдың 5 сәуірінде Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан құралған күш-құралдар Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған болатын. Олар су соратын 6 мотопомпа, 14 тәулікке жететін азық-түлік, жанар-жағармай, спутниктік байланыс, цифрлы радиостанса, 3 резеңкелі моторлы қайық секілді қажетті құрал-жабдықтарды ала барды.
Сәуір айының 6-сы мен 14-і аралығында құтқару тобы Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы тұрғындарының арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
апаттық-құтқару жұмыстары қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*