Ұлттық спорт түрлері ұлықталды

2018-2020 жылдарға арналған «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасы аясында Ұлттық ойындар күніне орай Өрт сөндіру мекемесінің спорттық алаңында және алғашқы даярлау мектебінің оқу залында саламатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға баулу мақсатында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
Аталған шараны Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мейіржан Айманов және мекеме фельдшері Ердос Сметов ұйымдастырды.
Шара барысында алғашқы даярлау мектебінің оқу залында тоғызқұмалақ, қол күрестен жарыстар өтіп, артериялық гипертензияның алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің қан қысымы өлшенді. Ал Өрт сөндіру мекемесінің спорттық алаңында асық ату ойыны өтті.
Сайысқа қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы үшінші орыннан көрінді. Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі екінші орынды жеңіп алды. Ал бас жүлде №3 Өрт сөндіру бөлімінің құрамасына бұйырды. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Әлішер АҚПАНБЕТОВ, Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*