Азалы жылдар ақиқаты

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Астана қаласының Күзет полициясына қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлерге Ақмола облысы, Целиноград ауданы орталығында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды-мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл шара ӘПК төрағасы бекіткен «Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, сонымен қатар, жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өтті.
Атаулы күнге орай, мұражайда Астана қаласының әкімдігі митинг өткізіп, Ресейден, тағы да басқа мемлекеттерден келген қуғын-сүргінге ұшырағандардың туған-туысқандары сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді.
Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен көрген қиындықтары туралы «Қайғылы тағдыр іздері», «Құрт – қымбат тас» сияқты жүрек тебірентетін мәліметтерді жеткізді және сол кезде жер бетіндегі тозақтың бірі болған «Алжирдің ызғарлы суығы» атты хроникалық-деректі фильмді көрсетті. Экскурсияға қатысқан күзет полициясының 40 жас қызметкері бұл шарадан үлкен әсер алып қайтты.

Астана қаласы МКҚБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*