Хабаров тыңдарманын тәнті етті

«Амур толқындары» фестивалінде қазақстандық оркестр ресейлік көрермендерді қоңыр домбыраның үні, мың бұралған бишілері және заманға сай туындыларымен таңғалдырды.
Ресей қиыр шығысының астанасы Хабаров қаласында «Амур толқындары» әскери-музыкалық VII халықаралық фестивалі өткен болатын. Үш мыңға жуық қала қонақтары мен тұрғындары әскери оркестрді өз көздерімен көру үшін арнайы келді. Аталмыш шараға Хабаров өлкесінің губернаторы Вячеслав Шпорт та қатысты.
Бұл кеште тыңдармандар алдында Владивосток, Благовещенск, Петропавловск-Камчатский, Мәскеу, Санкт-Петербор, Алтай өңірі, сондай-ақ, Қазақстан, Моңғолия және Еуродақтан келген оркестрлер өнер көрсетті. Фестиваль басталмас бұрын құрамалы оркестр төрт қатысушы елдің және «Амур толқындары» фестивалінің әнұрандарын орындады. Қазақстан әнұранын орындаған құрамалы оркестрге Ұлттық ұлан әскери оркестрінің бастығы, подполковник Асхат Мұхамедияров дирижерлық етті.
Фестивальға қатушылар қала тұрғындарына әскери әуендер мен танымал хиттарды орындап берді. Фестивальды Шығыс әскери округінің оркестрі Олег Газмановтың «Россия» әнімен ашты.
Музыканттар осы күні көрермендерді тек оркестр аспаптарының үнімен ғана емес, мың бұралған бимен де, заманауи әндермен де сусындатуға тырысты.
Бәрінен бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының оркестрі Майкл Джексон және Deep Purple тобының әндерін орындап, мың бұралған ұлттық бимен, қоңыр домбыра үнімен қала тұрғындарының қошеметіне бөленді. Хабаров тұрғындары қазақстандық ұжымға үлкен ықыласпен шапалақ ұрды.
Концерт соңында фестивальдың барлық қатысушысы Балалар үрмелі оркестрімен бірлесіп, аспанға отшашумен «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындады.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*