Мүдделес органдар мәжілісі

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбековтің төрағалығымен нұсқаулық жиын өтті.
Шараға Ұлттық ұлан, Алматы қаласы әкімінің аппараты, ҰҚК департаменті, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Алматы қаласы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және қалалық ІІД ЖБО өкілдері қатысты.
Нұсқаулық жиында Ұлттық ұланға мерзімдік әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жұмыстары, мерзімдік әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздеп тауып, Алматы қаласы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына тапсыру, сонымен қатар, Ұлттық ұлан қатарына қабылдау үшін азаматтарды арнайы зерделеуден өткізіп, талапқа сай іріктеу мәселесі сөз болды.
Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығының бастығы, полиция полковнигі А. Квашнин Қарулы Күштерге жалпы шақыруды ұйымдастыру жөнінде баяндама жасады.
Жиында әскер жасындағы азаматтарға әскерге шақыру қағазын тапсырудағы кейбір шешімін таппай жүрген мәселелер, әскерден жалтарушыларды іздеу, әскер жасына жеткен жаңа буынмен жұмыс істеу жағдайлары талқыланып, озық тәжірибелер ортаға салынды. Аталған мәселелерді шешуде мүдделес органдардың ортақ істі бірлесіп, жұмыла атқаруы, өзара тығыз байланыс орнатуы нақты нәтиже берері даусыз екендігі айтылды.
Бүгінгі күні Ұлттық ұлан қатарына мерзімдік қызметке азаматтарды қабылдау талаптарының күшейгені ескертілді. «Ұлттық ұланның сарбаздары – ертеңгі өз қызметкерлеріміз. Сондықтан Ұлттық ұланға азаматтарды шақыру және талаптар бойынша қабылдануына біз де мүдделіміз», – деді Алматы қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е. Оразбеков.

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*