Жолдағы жемісті шара

Жуырда Ақтау қаласының 30-шағын ауданындағы «Олжа» сауда орталығының алдында Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Жолдағы қабылдау» атты кезекті акция өтті.
Акцияның өтетін күні мен уақыты, орны алдын ала жергілікті интернет арқылы қала тұрғындары мен оның қонақтарына хабарланды.
Шараға Ақтау қаласы аумағында орналасқан көліктік мекемелердің басшылық құрамы мен жүргізушілері, автомектептер ұжымы мен курсанттары, Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының, қала әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Акция кезінде барлық бағыттар бойынша әкімшілік полициясы ұжымының жұмыстары ұйымдастырылып, ол жерде мамандар жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша бұқара халықтың сұрақтарына жауап беріп, Жергілікті полиция қызметін жақсарту туралы сауалнамаға сәйкес, акцияға қатысушылардың пікірі туралы ақпараттар жинақталды.
Ақтау қалалық ІІБ Жол-патрулдік полициясы батальонының жеке құрамы Ақтау қаласы көлеміндегі «Жолдағы қабылдау» атты кезекті республикалық акцияның нәтижелі өтуі үшін қоғамдық тәртіп сақтауға жұмылдырылды.
Іс-шара кезінде халыққа жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оны болдырмау және жазғы каникул кезіндегі балалар қауіпсіздігі туралы түрлі брошюралар таратылды.

Ақтау қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*