Шекаралық аймақтағы шартты өрт

Ақтөбе және Орынбор облыстарының трансшекаралық аймағында дала және орман өрттерін сөндіру бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізу үшін Ақтөбе облысына Орынбор облысынан қонақтар келді.
Шекарада өзінің әріптестерін облыстық ТЖД бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б. Сыздықов пен Қарғалы ауданының әкімі Р. Сыдықов қарсы алды.
Жоспар бойынша Қарғалы ауданының Әлімбет ауылдық округі Шындыаша ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан трактордың ұшқынынан дала алқабында өрт пайда болды. Өрт далаға тез таралып, желдің әсерінен Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Орск қаласының шекарасына өтіп кету қаупі туындады.
Әлімбет ауылдық округінің әкімі дала алқабындағы жағдайды бағалап, тез арада ТЖК және Қарғалы ауданының №10 Өрт бөлімшесіне ақпарат берді. Осы уақытта өрт аумағы 1 гектарға жетті. Қажетті шараларды қабылдау мақсатында әкім Әлімбет ауылдық округі, Шындыаша және Бөгенбай ауылдарының өртке қарсы еріктілер құрылымын жинап, оларды қажетті құрал-жыбдықтармен жарақтандырып, өрт орнына жіберді.
Қарғалы ауданының өрт бөлімі байланыс пунктінің радиотелефонисті өрт туралы дабылды алғаннан кейін 1-бөлімшені өрт орнына жіберді және Ақтөбе облысы ТЖД күштер мен құрылымдары жедел басқару орталығының жедел кезекшісіне хабар берді. Өрт сөндіру бөлімінде кестеге сәйкес бөлімшенің барлық қызметкерінің жиыны жарияланды.
Ақтөбе облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспечерлік қызметі басқармасының жедел кезекшісі департамент басшылығына және ТЖК Дағдарыс орталығына орын алған жағдай бойынша баяндады. ТЖД бастығы көршілес РФ Орынбор облысының күші мен құрылымын тарту бойынша шешім қабылдады.
Осы уақытта Шандыаша ауылының өртке қарсы еріктілер құрылымы адамдарды біркелкі бөліп, қапшықты өрт сөндіргіштердің көмегімен шығыс беттен өртті сөндіруге кірісті. Соқасы бар тракторлар өртті таратпау үшін жер жыртуға кірісті. Осы кезде келіп жеткен Әлімбет ауылдық округі мен Бөгенбай ауылының ерікті өртке қарсы құрылымдары батыс беттен қапшықты өрт сөндіргіштердің көмегімен шығыс беттен өртті сөндіруді бастап кетті.
Сонымен бірге, өрт орнына «Қос-Естек орман шаруашылы» ММ өрт сөндіру бөлімшесі өрт орнына автоцистернамен келді. Ол өртті оңтүстік жақ шетінен сөндіруде.
Дала өрті орнына бөлім бастығымен бірге Қарғалы ауданы №10 ӨСБ өрт сөндіру құрылымы келіп жетті. Ауылдық округ әкімі оларды қарсы алып, өрт жағдайы туралы өрт сөндіру бөлімі бастығына баяндады. Осы сәттен бастап өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіруді өз қолына алып, оны зерделеуге кірісті. Өрт сөндіру штабы құрылды.
ҰҚКД шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясы Орынбор облысының күштері мен құрылымының кедергісіз өту механизмі ұйымдастырылды.
Ресей Федерациясы Орынбор облысының өрт сөндіру құрылымы келгенде, өрт аумағы 14 гектарға жетті. Оған өрттің солтүстік-шығыс жағынан өртті сөндіру және РФ аймағына қарай ауыспауын қамтамасыз ету тапсырмасы қойылды.
Бірлескен іс-әрекет арқасында, өрттің таралуы тоқтатылды. Нәтиежесінде, екі жақтың бірлескен іс-әрекеттері жүзеге асты. Оқу-жаттығудың келісілген мақсаты мен нәтижесіне қол жеткізілді.
Сонымен бірге, практикалық оқу-жаттығулардан кейін трансшекаралық оқу-жаттығуға қатысушыларға дала өрттерін сөндіруге арналған «АРАТ» автономды бұлғылау құрылғысы көрсетілді. Осы керемет құрылғының авторы Амидулла Кұрманбаев – «С. Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті» мекемесінің «Zerek» технопаркі» ЖШС автоматтандырылған шығару жүйесі зертханасының инженері. Қазіргі уақытта бұл құрылғы тұжырымдамалық өнім болып табылады және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан кейін су мен электр жоқ жерде далалық өртті сөндіруге өте пайдалы.
Барлық іс-шаралардың соңында екі мемлекеттік орган арасындағы бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, Ақтөбе облысы ТЖД бастығы трансшекаралық оқу-жаттығуларға қатысушыларға алғысын айтып, Ақтөбе облысы әкімінің атынан РФ ТЖМ Орынбор облысы бойынша Бас басқармасының бастығы, ішкі қызмет генерал-майоры Александр Зеновқа, Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовқа Алғыс хаттар табыстады. Департамент және Азаматтық қорғау органдары Ардагерлер кеңесінің атынан ішкі қызмет генерал-майоры Александр Зеновқа, ішкі қызмет полковнигі Валентин Гнедовқа, ішкі қызмет майоры Василий Ковалевқа «Өрт қызметіне – 100 жыл» медалі табысталды.

Ақтөбе облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*