Криминалистер кеңесін тыңдады

Көліктегі ІІД Жедел-криминалистік басқармасының қызметкерлері «Көлік нысандарында оқиға орнын қарау әдістері мен тәсілдерін меңгеру» тақырыбында желілік бөлініс криминалистерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес талқысына күнделікті жұмыс барысында кездесетін өзекті тақырыптар мен проблемалар салынды. Департамент аппараты қызметкерлерінің баяндамаларында көптеген пайдалы ақпараттар айтылды. Семинар-кеңес жұмысына Тергеу басқармасы қызметкерлері де қатысып, өздерінің баяндамаларында жылжымалы құрамнан жүк ұрлау оқиғаларының, темір жолда қаза болған адам мәйіттері табылған кезде оқиға орнын тексеру ерекшеліктерін қозғады.
Теориялық білімдерін нақты тәжірибемен бекіту үшін департаменттің тәжірибелі криминалистері оқиға орнын қарау кезінде қолдың, аяқ киімнің, көліктің іздері мен биологиялық іздерді алу әдістемесі бойынша бейнематериалдарды таныстырып, практикалық дәрістер өткізді.
Семинар қатысушылары «Темір жол жұмыскерлерін бағалау және дамыту орталығына» барып, «ҚТЖ ҰК» АҚ шеберлерінің «Темір жол және темір жол шаруашылығы. Ағымдағы жолдарды пайдалану ерекшеліктері», «Жүк вагондары құрылысының, жүк пойыздары құрамының ерекшеліктері» тақырыбындағы дәрістерін тыңдады.
Ұйымдастырылған сабақтар нәтижесінде, желілік бөлініс криминалистері көлік нысандарында орын алған оқиғалар орнын қарау әдістері мен тәсілдерін меңгерді.

Көліктегі ІІД Жедел-криминалистік басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*