Дәстүрлі дода

Жуырда Орал қаласында қалалық жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында дәстүрлі жарыс өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлар мен өрттен қорғау әдістерін түсіндіру, төтенше жағдайлардың және өрттің алдын алу іс-шараларына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, төтенше жағдайлар мен өрттерде әрекет ету дағдыларын, өзіне және өзгеге көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен әдістеріне баулу.
Байқау қалалық әкімдік аппараты, білім бөлімі, ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Жарысқа Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 6 команда қатысты. Бұған дейін олар алдын ала мектепішілік іріктеуден өткен болатын.
Бірінші кезеңде жас спортшылар оқу мұнарасының екінші қабаты терезесіне саты арқылы көтерілді. Осы кезде олар шапшаңдық, шыдамдылық, ептіліктерін көрсетті. Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, дуалдан секіріп, өрт сөндіру жеңдерін қосып, сорғыдан су жіберіп, арнайы алаңшаға өрт жеңін орнатты.
Сайыстардың нәтижесі бойынша 1-орынды №30 орта мектеп, 2-орынды №26 орта мектеп, 3-орынды №20 орта мектеп иеленді.
Ер балалар арасында оқу мұнарасының 2-қабаттағы терезесіне баспалдақпен көтерілу жарысы бойынша 1-орынды №40 мектеп оқушысы Ахмет Мақсот, 2-орынды №20 мектеп оқушысы Азамат Рысқалиев, 3-орынды №20 мектеп оқушысы Әділ Исмағұлов иеленді.
Қыз балалар арасында оқу мұнарасының 2-қабаттағы терезесіне баспалдақпен көтерілу жарысында 1-орынды Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Дарья Макарова, 2-орынды аталған мектеп-гимназияның оқушысы Екатерина Бурекешева, 3-орынды №10 орта мектеп оқушысы Диляра Жұбатова қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту жарысында 1-орынды №40 мектеп оқушысы Ахмет Мақсот, 2-орынды №20 мектеп оқушысы Әділ Исмағұлов, 3-орынды №20 мектеп оқушысы Азамат Рысқалиев иеленді.
Қыздар арасында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту жарысында 1-орынды Екатерина Бурекешева, 2-орынды Дарья Макарова, 3-орынды №31 мектеп оқушысы Лунара Уракова иеленді.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан ең жас өрт сөндіруші марапатталды.

Ольга ПРОТОПОПОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*