Ұйымдасқан істің ұпайы түгел

18 мамырда Бішкек қаласында Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының төртінші бірлескен отырысы өтті.
Оған Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Н. Мирзахмедов және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин қатысты.
Қазақстандық делегация құрамында болған ІІМ ТЖК төрағасы, генерал-майор В. Беккер және бейінді бөлімшелердің басшылары қаралып отырған мәселелер бойынша баяндама жасады.
Отырыста Қырғыз Республикасы ТЖМ мен Қазақстан Республикасы ІІМ алқасының үшінші бірлескен отырысы шешімдерінің орындалуы, табиғи өрттерді сөндіру тәжірибесі, су объектілерінде адамдардың қаза болуының алдын алуда жаңа әдістерді пайдалану, халыққа төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды оқытудың жаңа әдістерін енгізу бойынша тәжірибе алмасу, дүлей зілзалалардың қауіп-қатерлерін азайтудағы ақпараттық технологиялар мәселелері қаралды.
Министрліктердің алқа аясындағы тығыз ынтымақтастығы 2009 жылдан бері жалғасып, осы уақыт аралығында 4 отырыс өтті. Осы отырыс барысында басымдықтар айқындалып, министрліктердің одан әрі ынтымақтастығының нақты шаралары анықталды.
Бірлескен алқаның осындай жұмысы Қазақстан ІІМ мен Қырғыз Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою саласындағы қызметтерін ұйымдастыруға оң әсер береді.

ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*