Қытай консулдығының Алғыс хаты

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Д. Байсариевтің атына Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының орынбасары Мяо Хунбо және Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Алматыдағы ресми өкілі, полковник Лу Юнганнан алғыс хат келіп түсті.
Өзінің алғыс хатында Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы қиын жағдайға тап болған ҚХР азаматтарына көрсетілетін көмегі үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне шынайы алғысын және құрметін білдірді.
Биыл 6 мамырда Талғар ауданында екі автобуспен жолда қалған ҚХР азаматтарына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері көмек көрсеткен болатын. Департаменттің бастығы Д. Байсариевтің парасатты басшылығының және құтқарушылардың батыл әрі жедел іс-қимылының арқасында 60 ҚХР азаматы құтқарылды.
Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін тұрақты байланыс пен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.

Алматы облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*