Айыппұл өндіру айлығы

1-31 мамыр аралығында облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өкімет бюджетіне өндіру.
ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады. Іс-шара барысында Қызылорда облыстық ІІД-нің қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында төленбей жүрген 1 млн 495 мың теңге айыппұл өндірілді. Қала орталығында 5 мобильді топ жұмыс атқаруда.
Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылып келеді. Жеке сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша шет елдерге шығуға, мүліктеріне шектеу қою сынды шаралар қабылданады.
Облыстың тәртіп сақшылары тұрғындарға айыппұлды заңда қарастырылған 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте немесе бір айдан кешіктермей төлеу керектігін ескертеді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*