«Сақшы» – тәртіп күзетшісі

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі және Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен «Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтары жұмыстарының ресми ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев, Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин және т.б. қатысты.
«Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтарының негізгі мақсаттары мен міндеттері – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастыру; қоғамдық тәртіпті қорғауға жас азаматтардың ерікті түрде қатысуына ықпал жасау; жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу туралы құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу; құқықтық білімді насихаттау; елордада және білім беру мекемелерінде жастардың (студенттік) іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыруы, оқу орындарының әкімшілігімен және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттесу.
Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Б. Малыбаев: «Бірде-бір азамат құқық бұзушылықтың, қоғамға қарсылықтың алдын алу мәселелеріне бейжай қарамағаны жөн, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениет болу керек. Біздің бірігіп, әрі қарай ортақ күш-жігермен қаламыздағы қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндігіміз бар», – деді.
Іс-шара барысында «Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтарының қатарына қосылған жасақ командирлеріне қызметтік куәліктер табысталады.

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*