Сауатты кадр – жемісті жұмыстың кепілі

Біз қазақстандық полицияны құруға атсалысқан және онда қызмет ететін жандарға әрдайым құрметпен қараймыз. Өз ісін жауапкершілікпен атқарып, халықтың мақтанышына айналған, елдің сенімін ақтаған қызметкерлердің бай тәжірибесі – бүгінгі күннің жетістіктері. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз ішкі істер органдарына 35 жылдан астам уақытын, яғни өмірінің жартысынан астамын арнаған Күлзира Садуақасова. Бүгінде ол 60 жасқа келіп отыр.
Күлзира Қаликенқызы, алдымен қысқаша өмір тарихыңызды айтып өтсеңіз?
– Мен Ресейдің Қорған облысының тумасымын. Ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет атқарып келемін. Қарапайым кадр инспекторынан Ішкі істер департаментінің Кадр жұмысы басқармасында полковник шеніне дейін жоғарыладым. Полиция қызметінде қызмет етуден ешқашан жалыққан емеспін. Саналы ғұмырымды осы салаға арнап, Ішкі істер департаменті басшылығының ең жоғарғы марапаттарын иелендім. Оны мен ұжымыммен бірге жеткен жетістігім деп бағалаймын.
Сіздің Ішкі істер министрінің де Құрмет грамотасымен марапатталғаныңызды жақсы білеміз. Тәжірибесі мол маман ретінде, жалпы ішкі істер органдарындағы кадр жүйесі, жақсы маман даярлау жөнінде не айтар едіңіз?
– Елбасы Н. Назарбаев барша қазақстандықтардың алдына адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалын орнату мақсатын қойды. Бұл орайда бізге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі. Ішкі істер органдарына кәсіби кадр дайындау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Полиция қызметкерлерінің кәсіби қабілеттерін арттыру, білікті мамандар даярлау – бүгінгі күннің талабы. Сіз бен біздің қолданыстағы ішкі істер органдары жүйесі үшін кәсіби кадр мәселесі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. «Білікті маман – баға жетпес кадр» деп тегін айтылмаса керек.
Кадр жұмысы қағазбастылыққа келіп тірелсе де, сіздер сол жұмысты абыроймен атқарып келесіздер. Қаншама төзімділік пен мұқият жұмыс істеуді талап ететін мамандықты игеру қаншалықты қиын?
– Сауатты кадр болса, жемісті жұмыс болатыны анық. Білікті басшы кез келген мәселені шешу үшін сауатты кадрлар мен тәжірибелі мамандарды іректеуді қолға алады. Өкінішке орай, осы мамандық иелерінің еңбегі кейде ескеріле бермейтіні де рас.
Осы ұжымнан шыңдалып шыққан бірқатар білікті мамандар бүгінде Астанада Ішкі істер министрлігінде қызмет етеді. Шындығында, жақсы қызметкер даярлауды сауатты кадр, тәжірибелі маман шешеді. Бұл жағынан келгенде өткеннен өнеге алу керек сияқты. Өнегелі өмір қашанда өміршең. Ел жақсы мен жайсаңды қалың топтан жаңылмай танып, еңбегінің әділ бағасын беріп отырады. Сол сияқты полиция қатарына қосылатын жас қызметкердің бойындағы бар қасиетін жазбай тану оңай емес. Деңгейі биік, дәрежесі дара полиция қызметкерін замандас¬тары кейінгі ұрпаққа әрдайым ұлағат тұтады. Өйткені, халық пен басшылардың айрықша ықыласын иеленген айдыны тұнық аза¬маттың тұғыры қашанда берік, еңсесі қашанда биік болмақ.
Кадр жұмысын жүргізу басқа мемлекеттік мекемелерде де бар. Бірақ, ішкі істер органдарындағы ерекшелігі қандай?
– Қазіргі таңда кадр саясатын жүргізуге Елбасымыздың өзі үлкен мән беріп отыр. Кадр іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін жүйелен¬ді¬ру қажет. Оның үстіне тәжірибелі кадр¬лармен қатар жас, жігерлі, кез келген қызметке бейімделген кадрлар арасында үйле¬сімділік саясатын жүргізген жөн. Егер білім мен теорияны тез арада үй¬ренуге болатындығын, ал практика¬лық тәжірибе ондаған жылдар бойы жиналатындығын және оның ішінде ұйымдастырушылық қабілет жүздеген кадрлардың арасында санаулысында ғана кездесетінін ескерсек, ішкі істер органдарындағы жоғары лауазымды қызметтерге тарту үшін кадр¬ларды іріктегенде төменнен жоға¬ры қызметтерді басынан өткерген, тау¬қыметін көріп, қыр-сырын меңгерген¬дердің ішінен таңдау жүргізіледі.
Полиция қызметкерлеріне деген талап өзгерді ме, оларға қойылатын жауапкершіліктер қандай?
– Қазіргі полиция имиджінің қалыптасуына жасампаздық жұмыс жасалып жатқан кезеңде бізді тек білікті, қабілетті және жаны да, ары да таза кадрлар ғана ілгерілете алады. Олар же¬ке басының жүріс-тұрысы, сөзі, тұр¬мысы, жұмыс істеу мәдениеті, ізде¬нуі, жаңашылдығымен жеке құрамға өнеге болып, бірге өрістеуі тиіс. Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елге айналдыру жолындағы қажырлы істе әр полиция қызметкеріне – өз халқына, оның аза¬мат¬тарына зор жауапкершілікпен қарау жүк¬теліп отыр.
Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*