«Жас құтқарушы» – әр мектепте

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Оқушыларды тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттау, әртүрлі экстремалды жағдайларда іс-әрекеттер дағдыларын үйрету мақсатында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық Білім беру басқармасы бірлесіп, жалпы білім беретін мектептерде «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысын жүргізуде.
«Жас құтқарушы» үйірмесін құру Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті қызметтерінің имиджі мен беделінің артуына ықпал етеді.
Бүгінгі күні облыстың орта білім беру мекемелерінде 248 «Жас құтқарушы» үйірмесі құрылды. Теориялық және практикалық сабақтарды өткізудің бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес, Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жасөспірімдерді оқытуды жүзеге асырады. Бағдарлама бүкіл оқу кезеңіне, яғни қыркүйек айынан мамырға дейін созылады және жалпы физикалық, арнайы, өртке қарсы, суда және медициналық дайындықты қамтиды.
Сонымен қатар, жедел-құтқару жасақтарының, мамандандырылған және өрт сөндіру, құтқару бөлімшелерінде құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында, азаматтық қорғаныс күні аймақтың барлық үйірмелері мен ТЖ органдары қызметкерлері және құтқарушы ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, ашық есік күндері өтеді.
Оқу жылының аяғында жыл сайын облыстың қалалары мен аудандарында «Жас құтқарушы» үйірмелері арасында жарыстар ұйымдастырылып, онда балалар үйірме сабақтарында алған теориялық және тәжірибелік дайындықтарын көрсетеді. Бүгінгі таңда 7 ауданда (Атбасар, Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Есіл, Зеренді, Шортанды) аудандық жарыстар аяқталды. Жарыстың соңында барлық қатысушы бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Облыстағы «Жас құтқарушы» үйірмелерінің арасындағы жарыстарды ұйымдастыруда Көкшетау және Степногор қалаларының Төтенше жағдайлар басқармалары ең үздік көрсеткішке ие.
Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Әулет» мектептен тыс сабақтардың жұмыс орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгінгі күні Көкшетау қаласында «Жас құтқарушы» үйірмесі құрылмаған бірде-бір мектеп жоқ.

О. МАЛЮК, Ақмола облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*