Техникалар талапқа сай

Петропавл қаласында көктем және жаз мезгілдерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған арнайы техниканың дайындығы тексерілді.
Күн сайын облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға шамамен 40 автопатруль қызмет етеді. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов: «Қызметтік көліктің техникалық жағдайы бөліністің тікелей басшыларының ерекше назарында тұруы тиіс. Қылмыстардың ашылуы, құқық бұзушылардың құрықталуы сыртқы қызметтер жұмысының жеделдігіне байланысты», – деп атап өтті.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өткеруге полицияның кешенді күштерінің дайындығын арттыру үшін жалпы гарнизондық таратуда айтылғандай, күн сайын Петропавл қаласында қызметке 240-тан астам тәртіп сақшысы шығады. Облыстық полиция департаментінің бастығы кешкі ауысымға түсетін тәртіп сақшыларының дайындығын тексерді. Полиция қызмектерлері департамент бастығына арнайы құралдарды және қажетті құжаттарды көрсетті.
Шарада қылмыстарды ашу кезінде кәсібилігімен көзге түскен, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар қызметкер ІІД бастығының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқан күзет агенттіктерінің қызметкерлері де марапаттарға ие болды.
Гарнизондық тарату соңында қалалық ІІБ кезекшісі іздеудегі тұлғаларға бағдарлау парақтарын беріп, жеке құрамға заңдылықтың сақталуы, азаматтармен сыпайы және ұқыпты қарым-қатынас жасау туралы ескертті.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*