Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Деструктивті ағым – дүдәмал жол

Деструктивті ағым – дүдәмал жол

Жуырда ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Шетелде лаңкестік әрекеттерге қатысатын Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарын оңалту, сондай-ақ, елдің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны институттың әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы ұйымдастырып, оған Қазақстанның барлық облысынан біліктілігін арттыру курсына келген ІІД ЖПҚ КТІЖ инспекторлары қатысты.
Модератор ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі М. Ізбасов дөңгелек үстелге шақыртылған қонақтар – Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кіші кеңесшісі А. Нұрымованы, Ақтөбе қалалық ІІБ ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Жолдыбаеваны және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Ж. Сүлейменовті таныстырды.
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Е. Балымов дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы өзекті мәселелерді қарап, талдау екендігін атап өтті.
Институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Д. Дәулетияров өз сөзінде әлеуметтік желілер біздің өмірімізге қуатты әсер ететіні және өзекті мәселені талқылап қана қоймай, оның әрі қарай шешілу үшін бір ұйғарым шығару керектігін айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы еңбек тәжірибесінде жинаған тәжірибелерімен өзара бөлісіп, құқық бұзушылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Шара соңында институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. Дәулетияров дөңгелек үстелге қатысушылардың балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы жалпы пікірін қолдап, әлеуметтік желілер мен қазіргі заманғы онлайн технологиялардың жасөспірімдер мен балалардың сана-сезіміне әсерін тигізбеу үшін қолданатын шаралар бойынша кейін қызметте басшылыққа алатын бірқатар шешімдерді ұсынды.
Дөңгелек үстелде институт оқытушылары мен тыңдаушыларынан және қатысушылар тарапынан, ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін көптеген оңтайлы ұсынымдар түсті.

Л. МАЛАНЬИНА, Б. УАЙЫСОВ, Ақтөбе қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған