Ерлік иесіне құрмет

Атырау облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Дәуренбек Шоқпытовты жеке құрам алдында құттықтады.
Қызметтік міндетімен қатар, азаматтық борышын да ұмытпайтын ержүрек қызметкерлердің ішкі істер органдарында аз емес екенін атап өткен департамент бастығы Д. Шоқпытовтың жұмысына табыс тіледі.
Марапат иесі, полиция аға лейтенанты Дәурен Шоқпытов: «Бұл марапат мен үшін үлкен мәртебе және оның жоғары жауапкершілігі бар екенін де білемін. Департамент тарапынан жас қызметкерлерді көтермелеу, қолдау жақсы жолға қойылған. Осы наградаға ұсынған ІІД басшылығына алғысымды білдіремін», – деді.
Тәртіп сақшысы болу туралы бала күнгі арманын есейе келе алдына мақсат етіп қойған Дәуренбек заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған соң, 2012 жылы ішкі істер органдарына қызметке қабылданды.
Бұған дейін азаматтардың құқығы мен өмірін қорғауда өз міндеттерін адал атқарған 3 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*