Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Камералардың көмегі мол

Камералардың көмегі мол

Егіс науқаны кезінде құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі және мал ұрлау фактілерін болдырмау – қазіргі таңда ауылдық жердегі өзекті мәселелердің қатарында. Осы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша басқа да профилактикалық іс-шаралар туралы Шал ақын ауданы, Кривощеково ауылында өткен кездесуде сөз қозғалды.
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының шамамен 30 ауылы мен 13 аудан орталығы учаскелік полиция пункттеріне қосылған бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл қылмыстарды ашып қана қоймай, олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Халық алдында есеп берген Кривощеково ауылының учаскелік полиция инспекторы бұл ауылда бұндай бейнебақылау жүйесі жоқ екенін айтты. Шараға қатысқан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов аудандық ішкі істер бөлімі басшылығына бұл мәселені шешуді тапсырды.
«Азаматтардың қауіпсіздігін, мүліктеріңіздің, өздеріңіздің, денсаулықтарыңыздың амандығын қамтамасыз ету үшін ІІО қызметі ашық, айқын болуы тиіс және халықпен бірлесе жұмыс істеу керек. Ауылдық округ әкімімен бірлесе жұмыс істеу қажет», – деп айтып кетті кездесу барысында өңірлік ведомство басшысы.
Кривощеково ауылдық округі 5 ауылдан тұрады, бұл шамамен 1200 адам. 22 адам полицияда есепте тұр. Жыл басынан бұл аймақта 5 қылмыс тіркеліп, барлығы ашылған. Ауыл тұрғындары учаскелік полиция инспекторының жұмысына оң бағаларын берді. Қазіргі уақытта егіс науқанымен және малмен байланысты ұрлықтардың профилактикасы ерекше бақылауда. Тәртіп сақшыларына аталған мәселелердің шешімін табуға аудан әкімі Нұрлан Есімов те қолдауын көрсетуде.
«Аталған бағытта жүргізілген профилактикалық жұмыстың оңды сәті – шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерліктерге тиесілі бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерін болдырмау. Берілген ұсыныстарға сәйкес 5 объектіде бейнебақылау камералары орнатылды», – деді Шал ақын аудандық Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Саят Әбішев.
Кездесу соңында Берік Біләлов азаматтарды жеке қабылдады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған