Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Саптық байқау 3 рет өтеді

Саптық байқау 3 рет өтеді

15 мамырда Ішкі істер министрлігінде Орталық аппарат қызметкерлерінің жазғы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқау өтті.
Іс-шараға қатысқан Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов бұл дәстүрлі жиынның жеке құрам арасында тәртіп пен жауапкершіліктің сақталуына ықпал ететіндігін айтты.
Биылғы жылдан бастап дәстүрлі шараны өткізуге қатысты енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы баяндаған Берік Байболұлы: «Бұған дейін саптық байқаулар жазғы және қысқы киім үлгілеріне көшуге байланысты жылына екі рет өткізіліп келсе, енді үш рет өтетін болады. Көктемгі және күзгі жиындармен қатар, 23 маусым – Полиция күніне орай да салтанатты киім үлгісіне көшуге байланысты да саптық байқау өтеді», – деді.
Министрдің орынбасары алаңда сапқа тұрған Орталық аппарат қызметкерлерінің киім үлгілері мен қызметтік куәліктерін тексеріп шыққаннан соң, тәртіп сақшылары әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты саптық адыммен жүріп өтті.

Ескендір ТАСБОЛАТ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған